«14 орманшының барлығы өлі табылды»: Абай облысы әкімдігі мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен орманшылықтың барлық 14 қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады
Абай облысының әкімдігі Семей орманындағы өртті сөндіру кезінде жоғалып кеткен 14 маманның барлығы қаза болды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен орманшылықтың барлық 14 қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі растаған ресми деректерге сәйкес, орман шаруашылығында қаза тапқан үш қызметкер ғана табылды. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз», - делінген әкімдік мәліметінде.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында өрт салдарынан орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапқаны хабарланды.