×

Олимпиада чемпионы Антикор жанындағы қоғамдық кеңеске мүше болды

«Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов та кеңеске мүше болды

 Айнұр Шошаева 22.04.2022 | 12:08
фото: Серік Сәпиев, Дидар Смағұлов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі жанындағы қоғамдық кеңеске бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мүше болды.

«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді... Тәжірибем мен ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Серік Сапиев.

Агенттік төрағасы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында көліктік бақылау саласындағы жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ полицейлердің заңсыз әрекеттері бойынша қылмыстық істердің тергеу барысы айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама