Ол 5 бап бойынша айыпталып отыр
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа құпия құжаттарды сақтауға байланысты айып тағылды. Енді Майами штатының соты Құрама Штаттардың бұрынғы мемлекет басшысының ісін келесі аптада тыңдауы мүмкін.
Трампқа 5 бап бойынша іс қозғалып отыр. Оның ішінде құпия құжаттарды заңсыз сақтау мен тергеу жұмыстарына кедергі келтіру бар, – деп хабарлады CNN телеарнасы.
АҚШ тарихында федеральдық прокурор бұрынғы президентке алғаш рет айып тағып отыр. Мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған.