×

Қазақстан жасөспірімдер құрамалары Молдовамен кездеседі

Матчта 14 пен 19 маусым аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2023 | 15:21
фото: kff.kz

Қазақстанның 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары оқу-жаттығу жиыны аясында Молдова командасымен ойнайды.

Қазақстанның 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары 9-12 маусым аралығында Талғар базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Әрі қарай Молдова жасөспірімдер құрамасы және «Шериф» жастар командасымен жолдастық матч өткізу үшін Тираспольге жол тартады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері Александр Кузнецов алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімдерін жариялады.

18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:

Қақпашылар: Әбілқайыр Әлиақбар («Қайсар»), Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Алан Аданхаев («Жас Қыран»), Әлихан Исраилов, Елжас Молдахмет (екеуі де «Қайрат»), Руслан Жанхаев («Шахтер»), Әділет Өмей, Әсет Бораналиев (екеуі де «Тараз»), Батыр Ибрагим («Оңтүстік»), Данияр Надир («Тузласпор», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Эмин Мұсаев («Жас Қыран»), Шыңғыс Дүйсенбек («Қайрат»), Эльхан Саидов («Қайрат»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Ахметәлі Қалтанов («Астана»), Нұрсұлтан Абдулла («Каспий»), Никита Стрижков («Жетісай»);

Шабуылшылар: Рауль Аллахвердиев («Жеңіс»), Әділет Мыңбай, Ерасыл Сәрсенбай (екеуі де «Оңтүстік»), Димаш Серікұлы («Тараз»), Дамир Нұреділов («Ақтөбе»);

Жаттықтырушылар құрамы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Манар Нуфтиев – аға бапкердің көмекшісі, Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылардың бапкері, Евгений Горячий – оператор-сарапшы.

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Қайрат»), Дулат Таласбаев («Атырау»);

Қорғаушылар: Данияр Ерлан, Руслан Захаров, Тимур Құрбанов (барлығы «Жас Қыран»), Әлішер Кенжеғұлов («Ақтөбе Ж»), Тагир Сәкенов («Шахтер Ж»), Асқар Бижан («Қайрат»), Дүйсенбек Досхан («Ақсу Ж»), Доминик Боловинцев («Зброевка», Чехия);

Жартылай қорғаушылар: Диербек Мулужанов («Ордабасы»), Мұхаммед Еңсебаев («Елімай»), Олжас Байбек, Глеб Валгушев (екеуі де «Қайрат»), Ілияс Әбіл (Ақсу), Валерий Вальмери («Марсет», Испания), Диас Өмірзақ («Академия 05»), Әбинұр Нұрымбет («Ұлытау»), Жанер Жазмағамбетов («Каспий»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жас қыран»).

Шабуылшылар: Дінмұхамед Сайын, Бахтишат Абдуллаев (екеуі де «Академия 05»), Артём Литош («Қайрат»), Тамерлан Ағыманов («Ақсу»);

Жаттықтырушылар құрамы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Манар Нуфтиев – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылар бапкері, Арсен Іңкәрбеков – сарапшы.

Жолдастық кездесулер кестесі:

14 маусым

Қазақстан U-18 – Шериф U-19

 16 маусым

Қазақстан U-18 – Молдова U-18

 18 маусым

Қазақстан U-18 – Молдова U-18

 16 маусым

Қазақстан U-19 – Молдова U-19

 19 маусым

Қазақстан U-19 – Молдова U-19

Серіктес жаңалықтары

Сараптама