Ол белгіленген 30 шақырымды 36 минут 11.058 секундта жүріп өтті
Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Андрей Ремхе мәреге бірінші болып жетті.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол белгіленген 30 шақырымды 36 минут 11.058 секундта жүріп өтті. Одан кейін мәреге қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан жетті.
Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында Ұлттық құрама чемпион атанған болатын. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина жарыс жолына шықты.
Жалпы, Районгта 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Бұл жерде Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.
Чемпионат 13 маусымда аяқталады.