Елордалық әуежайды дамытуға қатысты меморандумға қол қойылды

Динара Амантай

Астана халықаралық форумы аясында БАӘ өкілдерімен кездесу өтті

Фото: Азаматтық авиация комитеті

Астана халықаралық форумында ИИДМ басшысы Марат Қарабаев БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруимен және Terminals Holding – Sole Proprietorship L.L.C. Terminals Holding компаниясының басшысымен кездесті.

Айта кетсек, Terminals Holding – әуежай және авиациялық қызметтерді көрсету бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Сонымен қатар халықаралық әуежайларды салу, пайдалану және басқару жағынан мол тәжірибесі бар.

Бұған қоса, Terminals Holding Abu Dhabi Sports Group-тың еншілес компанияларының бірі екенін айта кету керек. Кездесудің қорытындысы бойынша, ИИДМ мен Terminal Holding арасында өңірлік мультимодальды хаб ретінде Астана қаласының әуежайын бірлесіп дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.