×

Бүгін ауа райы қандай болады?

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі

 Халық үні 09.06.2023 | 08:46
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, соған байланысты найзағаймен жаңбыр, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. 

Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады, солтүстікте, орталықта бұршақ, дауыл, солтүстікте, оңтүстікте, орталықта шаңды дауыл күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Жетісу облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама