Halyq Uni логотип
×

Қарағанды тұрғыны Павлодар облысындағы мешіттен ақша ұрлаған

Күдікті тергеу изоляторына қамалды

 Халық үні 09.06.2023 | 07:48
Қарағанды тұрғыны Павлодар облысындағы мешіттен ақша ұрлаған
фото: ПД

Күдікті Тереңкөл ауданы Байқоңыр ауылындағы мешітте сейфтің металл есігін бұзу арқылы 300 мың теңге жымқырған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Қарағанды облысының 27 жастағы тұрғыны екені анықталды. 2021 жылы ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу үшін сотталғаны анықталды. Ұрлық жасаған күндері пробация органдарына ескертусіз аймақтан шығып кетіп отырған.

«Барлық факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов

Серіктес жаңалықтары

Сараптама