Ақтөбеде мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды

Халық үні

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде

фото: inform.kz

Ақтөбе облысында Мамандндырылған күзет қызметінің өкілдері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Осы факті бойынша аудиторлық тексеру жүргізілді, нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды.

6 маусым Ақтөбе облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған лауазымды тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

«Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге де ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.