×

«Қонақүйге 2 мың теңге берді»: 8 жасар қыз өзін ұрлап әкеткен адамның не істегенін айтып берді (ВИДЕО)

Мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді, дейді қыз

 Халық үні 08.06.2023 | 22:41

Алматы облысындағы Қарғалы ауылындағы жағдайдың мән-жайы белгілі болды. 8 жастағы қыз оны ұрлап кеткен ер адамның не істегенін өзі айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Желіге жүктелген жазбадан бұрын күдікті жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Дүкенге барып, алаңдаулы қыздың көңілін де аулап көрген.

«Нұр-Әли деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деп алмады. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Жүргізуші ағайға айтуға қорықтым», – жәбірленуші қыз.

Күдікті оны жол бойында такси күтіп тұрған жерден алып кеткен. Музыка мектебіне жеткізіп тастаймын деп, таксиге алдап отырғызды.

Перзентім құрбан бола жаздады деген анасы қазір дел-сал күйде. Әкесі үнемі жолға шығарып салады. Сол жерден такси әкетеді.

«Таңертең сағат 9.00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. Әлі келмеді деді. Балалармен ойнап қалған шығар деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын», – дейді қыздың анасы Римма Халмұратова.

Полиция Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. 1987 жылғы күдікті ұсталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама