Нұрбек Аухадиев өз өмірін қатерге тігіп, 50 литрлік баллонның жарылуының алдын алды
Павлодар қаласындағы Усолка шағын ауданында орналасқан Кеме жасау жөндеу зауытынан өрт шығып, отқа оранған жерден №3 өрт сөндіру бөлімінің командирі Нұрбек Аухадиев газ баллонын алып шықты.
Бұл жерде вагонның ішкі қаптамасы өртенді. Оқиға орнына екі өрт сөндіру есебі жедел шығып, өртті сөндірді. Сол кезде Нұрбек Аухадиев өз өмірін қатерге тігіп, 50 литрлік баллонның жарылуының алдын алды. Ол – бала-шағалы жас әке.