Halyq Uni логотип
×

Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды

Ол ұзындыққа секіруден фаворит болып, 5,9 метрге қарғыды

 Дастан Жұмабекұлы 08.06.2023 | 11:04
Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды
фото: ашық дереккөз

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова жасөспірімдер арасында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды.

Ол ұзындыққа секіруден фаворит болып, 5,9 метрге секірді. Бұған дейін Рыпакова Қазақстан чемпионатында 6,21 метрге қарғыса, қыста 6,25 метр көрсеткішті тіркеген. Алайда Азия чемпионатында бұл нәтижелерін қайталай алмады.

Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық жеңіл атлет Хуан Иньинь жеңіп алды. Оның үздік көрсеткіші 6,24 метр болды. Күміс медальді үнді спортшысы Сусмит иеленді.

Қазір Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлде саны бойынша 9-орында келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама