Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс істейді
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы демалыс маусымы ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Бурабайдағы бас орталық пен Балқаш, Қонаев, Түркістан қалаларындағы филиалдар бұл ауысымда мемлекеттік квота бойынша мыңға жуық оқушыны тегін қабылдайды.
Ауысым «Baldauren ART – START» деп аталады. Балалар сауықтыру шараларынан өзге шығармашылықпен айналысады. Өздерінің қалауы бойынша сурет салып, суретке түсіру, бейнемонтаж жасауды меңгереді. Олар үшін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, байқаулар, экскурсиялар ұйымдастырылған. Тәулік бойы медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Айта кетсек, орталық пен филиалдар жаз бойы балаларды 5 ауысым бойынша қабылдайды. Әр ауысымның тақырыбы да әртүрлі. Балалар өз қызығушылықтарына сай ауысымдарға қатыса алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен 5 мың бала тегін қамтылады.