×

"Шымкентте +38": бүгін қай өңірлерде ыстық болатыны белгілі болды

Бейсенбіде Астанада +30...+32 градусқа дейін, Алматыда +35...+37 градусқа дейін, Шымкентте +36...+38 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр

 Халық үні 08.06.2023 | 07:50
Фото: sputnik.kz

Синопиктер бейсенбі, 8 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Мәселен, кей өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн ашық болады. Сонымен қатар мамандар бүгін Алматы, Павлодар, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық, ал Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық болатынын болжап отыр.

Бейсенбіде Астанада +30...+32 градусқа дейін, Алматыда +35...+37 градусқа дейін, Шымкентте +36...+38 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр.

Бұдан бөлек бейсенбіде Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының шығыс жартысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Ұлытау обысының орталығында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде өрт шығу қауіпі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама