×

Синоптиктер ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты

8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С-қа дейін біртіндеп ауа температурасының төмендеуі күтіледі

 Халық үні 07.06.2023 | 21:30
ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.  

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен 9 маусымда солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр, бұршақ және шаңды дауыл болады.

«Күндізгі уақытта 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін қатты ыстық сақталады, 8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С-қа дейін біртіндеп ауа температурасының төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама