Олар аштықтан, қараусыз қалғаннан өлген, - дейді
Шымкентте еріктілер дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, уақытша ұстау пунктінде қараусыз қалған үй жануарлары аштан өле бастаған. Бұл туралы Еуразия бірінші телеарнасы хабарлады.
Жануарларды қорғаушылар қораптардан ит-мысықтардың өлекселерін тапқан. Олардың пікірінше, жануарлар аштықтан, қараусыз қалғаннан қырылған. Әрі ұстау пунктінде санитарлық талаптар сақталмайтын көрінеді.
Ұстау пункті қызметінің өкілдері жануарларға күтім жасалып, тамақтандырылғанын айтады. Алайда 9 ит пен 14 мысық айықпас індетке шалдыққан.