Halyq Uni логотип
×

Мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше қосымша құзырет беріледі

Үкімет қаулысы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2023 | 10:40
Мәдениет және спорт министрлігіне бірнеше қосымша құзырет беріледі
фото: ашық дереккөз

Ашық НҚА порталында «Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы талқыға шығарылды.

Құжатта атап көрсетілгендей, Мәдениет және спорт министрлігіне қосымша мына қызметтер беріледі:

- мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрып, ережені бекітіп береді;

- мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді;

- архив және кітапхана ісі, геральдика салаларындағы ұлттық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, сыйлықтар мен жүлделерді тағайындайды;

- халықаралық  жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан ұлттық құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;

- бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ел аумағында болатын республикалық, облыстық және халықаралық спорттық жарыстарын медальдармен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;

- Республикалық ономастикалық комиссия құрады;

- Кинемотография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жасақтайды;

- туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;

- лотерея операторын және оған лоторея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды.

Үкімет қаулысы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Осыдан кейін қол қою үшін премьер-министрге жолданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама