Фермерлер ЕО-ның шектеулерін алып тастауды сұрап отыр
Еуропалық Одақ ЕО-ға мүше 5 мемлекет үшін Украинадан ауылшаруашылық өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге уақытша тыйым салуды 15 қыркүйекке дейін ұзартты. Бұл туралы Еуропалық комиссия хабарлады.
2 мамырда ЕО Украинадан Болгария, Венгрия, Польша, Румыния және Словакияға бидай, жүгері және күнбағыс тұқымдарын әкелуге уақытша тыйым салды.
Бұл шаралар ЕО-ның Украинаны қолдау және оның дүниежүзілік азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өте маңызды астығын экспорттау мүмкіндігін сақтау жөніндегі берік міндеттемесіне сәйкес келеді, – делінген хабарламада.
Енді ұзақ уақыт бойы Қара теңіз порттары арқылы астық экспорттау мүмкіндігінен айырылған украиналық фермерлер Еуроодақтың шектеулерін сынап, олардың күшін жоюды сұрап отыр.