Halyq Uni логотип
×

Астананың Нұра ауданында полиция басқармасы құрылады

Үкімет қаулысына қол қойылды

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2023 | 09:22
Астананың Нұра ауданында полиция басқармасы құрылады
фото: ашық дереккөз

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелерi туралы» Үкімет қаулысына қол қойды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті Нұра ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесi құрылсын. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Ішкі істер министрлігін ұстауға арналған және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде іске асырылады деп белгіленсін, – делінген Үкімет қаулысында.

Еске сала кетсек, жақында Астанада жаңадан құрылған Нұра ауданының шекарасы бекітілген болатын. Оның әкімі болып Жүсіп Жұмағұлов тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама