Әзірге ер адамның неден қайтыс болғаны белгісіз
Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақтан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, ер адамның мүрдесі бүгін, 6 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18:20 шамасында табылған.
«Атырау қаласындағы «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.
Әзірге ер адамның неден қайтыс болғаны белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жүргізуді бастады.