×

Атырауда жертөледен ер адамның мәйіті табылды

Әзірге ер адамның неден қайтыс болғаны белгісіз

 Халық үні 07.06.2023 | 08:20
AFP 2023 / SANJAY KANOJIA

Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақтан ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ведомство мәліметінше, ер адамның мүрдесі бүгін, 6 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18:20 шамасында табылған.

«Атырау қаласындағы «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі баспалдақта ер адамның денесі жатқаны хабарланды. Оның 1963 жылы туғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Әзірге ер адамның неден қайтыс болғаны белгісіз. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жүргізуді бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама