Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында бір отбасы жол апатына түсті - әкесі мен баласы көз жұмды

Рөлде Көкшетау қаласының тұрғыны болған

 Халық үні 06.06.2023 | 23:30
Ақмола облысында бір отбасы жол апатына түсті - әкесі мен баласы көз жұмды
фото: Halyq Uni

Қостанай – Әулиекөл - Сурған автожолында апаттан бір отбасы зардап шекті. 

Polisia.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға 6 маусым сағат 11:00 шамасында Қостанай – Әулиекөл - Сурған автожолында болған.

«Салонында 4 жолаушысы бар Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы келе жатқан Renault жүк көлігімен соқтығысқан. Рөлде Көкшетау қаласының тұрғыны болған. Одан кейін минивэн DAF фурасымен бетпе-бет соқтығысқан. Toyota Alphard автокөлігінің ішінде жүргізушінің кәмкелетке толмаған үш баласы болған», - дейді полиция.

Апат салдарынан 46 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі және оның 10 жастағы ұлы қайтыс болды. Минивэннің тағы үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Tоyota Alphard көлігінің ішінде 1977 жылғы күйеуі мен 1979 жылғы әйелі болған.

Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы ауыр дейді.

«Сағат 11:07-де Tоyota Alphard автокөлігінің екі фурамен соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 20 минутта жетті. Бес адам зардап шеккен. Оның үшеуі жедел жәрдем келгенде естерін біліп жатты. Ал екі адам медициналық көмек жеткенге дейін оқиға орнында қайтыс болған. Әйел адамда ашық ми жарақаты бар және үш қабырғасы сынған. 16 жастағы қыздың ішкі органдарына зақым келіп, қан кету диагнозы қойылды. Ал 11 жастағы ұлда жабық ми жарақаты бар және бұғанасы сынған», - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама