Елордадағы 8 орында тегін 5G желісі іске қосылды

Еркеғали Болатұлы

Қазір 15 базалық станция жұмыс істеп тұр

фото: archyde.com

5G жиілік бойынша аукционда жеңіске жеткен ұялы байланыс операторлары елордада базалық станцияларды іске қоса бастады.

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тегін 5G байланысын пайдалануға болатын 8 орынды атады.

Министрліктің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында бүгінде мына орындарда 15 базалық станцияның іске қосылғаны айтылған:

  • EXPO аумағы (Мәңгілік Ел, 55/23);
  • «Эдем палас» ТҮК;
  • «Соло» ТҮК;
  • Министрлер үйі;
  • «Астана Меруерт» ТҮК;
  • Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт;
  • Comfort Town ТҮК;
  • «Гранд кешені 2» ТҮК.

Жыл аяғына дейін тағы 175 базалық станцияны іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлады министрлік.

Жаңа технологияны пайдалану шарттарын операторлардың веб-сайттарынан табуға болады.

«Жоба пилоттық режимде, смартфон параметрлері 5G қамту аймағына енген кезде, абонент интернетті тегін пайдалана алады. Пакеттік трафик қайтадан 4G-ге ауысқанға дейін жұмсалмайды», - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.