Елордадағы 8 орында тегін 5G желісі іске қосылды
Қазір 15 базалық станция жұмыс істеп тұр
5G жиілік бойынша аукционда жеңіске жеткен ұялы байланыс операторлары елордада базалық станцияларды іске қоса бастады.
Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тегін 5G байланысын пайдалануға болатын 8 орынды атады.
Министрліктің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында бүгінде мына орындарда 15 базалық станцияның іске қосылғаны айтылған:
- EXPO аумағы (Мәңгілік Ел, 55/23);
- «Эдем палас» ТҮК;
- «Соло» ТҮК;
- Министрлер үйі;
- «Астана Меруерт» ТҮК;
- Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт;
- Comfort Town ТҮК;
- «Гранд кешені 2» ТҮК.
Жыл аяғына дейін тағы 175 базалық станцияны іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлады министрлік.
Жаңа технологияны пайдалану шарттарын операторлардың веб-сайттарынан табуға болады.
«Жоба пилоттық режимде, смартфон параметрлері 5G қамту аймағына енген кезде, абонент интернетті тегін пайдалана алады. Пакеттік трафик қайтадан 4G-ге ауысқанға дейін жұмсалмайды», - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.