Қазақстан теннисшілері мүгедек арбасындағы турнирде алғаш рет жеңіске жетті
Елімізде былтырдан бері спорттың осы түрін дамыту қолға алынды
Теннистен Қазақстан құрамасы Италияның Альгеро қаласында мүгедек арбасындағы ITF UNIQLO WHEELCHAIR TENNIS TOUR сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде алғаш рет жеңіске жетті.
Бұл ретте Қазақстан командасы мүгедек арбасындағы теннистен өткен халықаралық додада алғаш рет бақ сынаап отыр. Ел намысын Қарағанды қаласының тұрғыны Евгений Быков пен Федор Старыгин және ақтөбелік Дастан Ниязов қорғады.
Ниязов финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде италиялық Алессандро Палондан 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Ол турнирде әуелі швейцариялық Дэвин Рюшті 6:4, 6:1 есебімен ұтса, одан кейін ширек және жартылай финалда италиялық теннисшілерден басым түсті.
Евгений Быков пен Федор Старыгин ширек финалға дейін жетті.
Қазақстан теннис федерациясы 2022 жылдан бастап мүгедек арбасындағы теннисті дамытуды қолға алған болатын. Алғаш рет Қазақстан чемпионаты мен кубогы өткізілді.