Жоба білім беру тақырыптарына негізделген интерактивті ойындардан тұрады
Екібастұз қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Александр Каминский VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана әзірледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оқушының айтуынша, жоба білім беру тақырыптарына негізделген интерактивті ойындардан тұрады. Ол тақырыпқа қызығушылықты арттырып, терең іздене түсуге мүмкіндік береді.
Ойын күн жүйесінің планеталары туралы жұмбақтарды шешуге негізделген. Ол арқылы түрлі планеталар туралы ақпаратты жаттап алуға болады. Оқытудың бұл әдісі күрделі ұғымдарды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік береді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жобаны білім беру ұйымдарында, оның ішінде мектептерде планеталар мен күн жүйесін зерттеудің қосымша ресурсы ретінде пайдалануға болады. Оны астрономия сабақтарына қызықты қосымша ретінде немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға мүмкіндік бар», – деді Александр Каминский.
Жобаның ерекшелігі, пайдаланушыларға Күн жүйесінің планеталары және олардың ерекшеліктері туралы ақпаратты зерттеуге практикалық мүмкіндік береді.Тақырыпты оқу немесе фактілерді тыңдаудан гөрі, ойын оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.
«VR технология қарқынды дамып келеді, оның тиімділігі де жоғары. Ол компьютерлік жүйелермен өзара қабыса отырып, біздің ойлау, қабылдау сезімдерімізге визуалды түрде әсер ете алады. Яғни, білім беру, жаттығу мен түрлі сауық-сайранға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деді өнертапқыш оқушы.