Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның бидайы Қытайға сатыла бастады

Еліміздің өз астығы өзіне толық жетеді

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2023 | 14:15
Қазақстанның бидайы Қытайға сатыла бастады
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бидайы Қытайға да сатыла бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

«Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді. Экспортқа да шығарады.

Биыл Қазақстан бидайы Қытай Халық Республикасына жеткізіле бастады. Мысалы, ауа райы қолайсыз болып, астық шықпай қалған күннің өзінде біздегі ішкі қажеттілік ең аз жиналатын көлемінен 2 есе төмен екенін айта кету керек, – деді ол.

Яғни, астықтың көлемі елдегі ішкі сұраныс пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді. Премьер-министр егіс жұмыстарының қарқыны жақсы екенін атап өтті.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі дихандардың мәлімделген бидай көлемін «Азық-түлік корпорациясына» уақтылы жеткізу туралы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі және жыл соңына дейін алқаптарды цифрландыру бойынша қажетті шараларды қабылдауы қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама