Автотұрақта көліктің жанып жатқаны анықталды
Елордалық өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің бірінде жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін сағат 11:56-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі ТК паркингінен өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша шықты.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минуттан кейін келіп, автотұрақта көлік жанып жатқанын анықтады.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірушілер адамдарды жоғары қабаттардан эвакуациялап жатыр.