Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулыға өзгеріс енгізді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 26 мамырдағы қаулысымен Ұлттық банктің «Микронесие беру шарты бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізді.
Zakon.kz-тің хабарлауынша, түзетулерге сәйкес, азаматтармен 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге кепілсіз микронесиелер бойынша сыйақының шекті мөлшері тәулігіне 1%-дан аз, бірақ 30 АЕК-ке (103 500 теңге) дейін берілген микронесие сомасының 20%-дан аспауға тиіс.
Сондай-ақ тәулігіне 1%-дан аз, бірақ 30 АЕК-ке тең немесе одан жоғары (103 500 теңгеден аса) берілген микронесие сомасының 15%-нан аспауы керек.
Азаматтармен кепілсіз микронесиелер бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері күніне 0,8 %-дан аспайтын, бірақ 45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге берілген микронесие сомасының 20 %-ынан аспайтын мөлшерде белгіленеді, – делінген хабарламада.
45 күнтізбелік күннен асатын мерзімге азаматтармен микронесие беру шарты бойынша сыйақының шекті мөлшері тәулігіне 0,4%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді.
Қаулы 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.