×

«Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад рейстерін қайта жандандырды

Әуе кемелері аптасына 1 рейс жиілігімен ұшады

 Динара Амантай 06.06.2023 | 10:20
Фото: Halyq Uni

«Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын қалпына келтіруді пысықтады. Осылайша, биыл 2 маусымнан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін жандандырып отыр. Тасымалдау «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелерінде жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағыты бойынша орындалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама