Halyq Uni логотип
×

«Алматыда полицей әріптесін атып өлтірді»: тың дерек шықты

Қос сержант полиция ғимаратының бақылау-өткізу бекетінде жұмыс істеген

 Халық үні 06.06.2023 | 08:21
«Алматыда полицей әріптесін атып өлтірді»: тың дерек шықты
Фото: 24.kz

Алматыда полиция қызметкері табель тапаншасынан әріптесіне оқ атты. Ауыр жарақат алған 28 жастағы сержант оқиға орнында жан тапсырды. Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшысы қызметтесін абайсызда өлтіріп алған, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Қос сержант полиция ғимаратының бақылау-өткізу бекетінде жұмыс істеген. Куәгердің айтуынша, тәртіп сақшылары арасында кикілжің болмаған. Таңғы сағат жеті шамасында екеуі ас ішетін бөлмеде әңгімелесіп отырған. Сол уақытта біреуі қызмет қаруымен байқаусызда жанында отырған әріптесін атып өлтірген. Қазір «Абайсызда адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама да тағайындалды. ҚР ҚК 104-бабында үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.

«Алматы полиция департаменті бүгін полиция қызметкері қызмет қарумен өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақат салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабымен сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама