Ерлі-зайыпты неке түнінен кейін бөлмелерінен өлі табылды
Үйлену тойынан кейін 22 жастағы жігіт пен 20 жастағы қалыңдық бөлмесіне кеткен, ал келесі күні олар өлі табылған
Үндістанда ерлі-зайыпты үйлену тойынан кейін жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатында болған, - деп хабарлайды India Today.
Басылым мәліметінше, жастар үйлену тойын шаттың солтүстігінде жасаған. Үйлену тойынан кейін 22 жастағы жігіт пен 20 жастағы қалыңдық бөлмесіне кеткен, ал келесі күні олар өлі табылған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ерлі-зайыпты жүрек ұстамасынан қайтыс болғаны анықталған. Ақпаратты жергілікті полиция өкілдері растаған. Жүрек ұстамасы нақты неден болғаны белгісіз.
Ерлі-зайыптының мәйіті күйеужігіттің ауылында өртелген.