Қайтыс болған 30 тұлғаға бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды
Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын бұзудың 100-ден астам жағдайын анықтады.Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасы хабарлады.
Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шараларының арқасында Атырау қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін көтерілді.
Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды, оларға қосымша демалыс күндері берілді.
«Жеке көмекшілердің қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу (оның 69-ы басқа ұйымдарда жұмыс істеген) және қайтыс болған 30 тұлғаға бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды», - делінген хабарламада.
Мүгедектерге қолжетімділік бойынша талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік объектілер анықталды.
Анықталған бұзушылықтар жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.