«Алматы облысында ер адам оқушы қызды ұрлап, ауылға алып кеткен»: полиция оқиғаның мән-жайын айтты
Жәбірленуші 2015 жылғы қыз бала болып шықты
Алматы облысы полиция департаменті оқушыны ұрлауға қатысты оқиғаның мән-жайын айтты. Ведомтсвоның хабарлауынша, жәбірленуші 2015 жылғы қыз бала болып шықты.
«Ол 5 маусымда үйінен шығып, музыкалық мектепке бара жатқан. Жолда белгісіз ер адам қызды күшпен көлікке отырғызып, Жібек жолы ауылына алып кеткен. Жедел іздестіру шаралары кезінде 1987 жылғы күдікті ұсталды. Ол Өзбекстан тумасы. Қамауға алынды», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 125-бабы («Адам ұрлау») бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп қосты ол.