Бүгінде олармен психологтар жұмыс істеп жатыр
Сириядан 5 қазақстандық елге жеткізілді. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстан тарапының өтініші бойынша Сириядан Тәжікстанға 5 қазақстандық (бір әйел 4 баласымен) жеткізілген.
Бұл мәліметті растаймын. Бүгінде олармен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Сириядан азаматтарын эвакуациялап жатыр, - деді ресми өкіл.