Петропавлда жоғалған 3 жасар қыз табылды
Әжесі немересінің қолына телефон ұстатып кетіп қалған
Бүгін таңертең сағат 09:40 шамасында Петропавл қаласының тұрғыны полицияға 3 жасар немересінің жоғалып кеткенін айтып хабарласты. Әйел балдырғанды қалалық емханалардың бірінің дәлізінде телефонмен қалдырып, өзі дәрігердің қабылдауына кіріп кеткенін, сол арада балаусаның белгісіз жаққа кетіп қалғанын айтты.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, сыртқы полиция қызметі дереу жоғалған баланы іздеуге шыққан. Сонымен бірге баланы іздеумен учаскелік инспекторлар, ювеналды полицейлер, патрульдік полиция батальоны мен өзге бөлімшелердің қызметкерлері айналысты.
Баланы іздеу кезінде Азамат Темірханов пен Бақтияр Дощанов есімді полицейлер емхананың айналасындағы аулалардың біріне кіріп, кіреберістің ашық терезесінен баланың жылағанын естіп қалды. Олар жоғалған баланы төртінші қабаттан тапты.
Осы орайда, әжесі немересіне телефоннан қоңырау шала берген еді. Сол кезде тәртіп сақшылары қоңырауға жауап беріп, іздеудің сәтті аяқталғанын хабарлады. Сол сәтте қыз тынышталып, көп ұзамай әжесіне тапсырылды.