Ерасыл Қажыбаев Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды
Ол 100 келіден аса салмақта Польша өкілі Каспер Сзуровскиден басым түсті
Дзюдодан Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола медаль түсті.
Турнирде 100 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерасыл Қажыбаев үшінші орын үшін белдесуде Польша өкілі Каспер Сзуровскиден басым түсті.
Бұған дейін ұлттық құрама команданың балуаны Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанған еді. Ол алғашқы белдесуінде Израиль дзюдошысын, екінші айналымда тәжікстандық Нұрали Эмомалиді ұтып, ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді. Одан кейін жұбаныш белдесуінде әуелі Ұлыбритания балуанынын, сосын испаниялық Адриан Нето Чинарроны жеңді.