Halyq Uni логотип
×

Жезқазған және Балқаш ЖЭО-дағы тексеріс: компанияға 27 млн теңге айыппұл салынды

Прокуратура 600-ге жуық бұзушылықты анықтады

 Динара Амантай 05.06.2023 | 11:55
Жезқазған және Балқаш ЖЭО-дағы тексеріс: компанияға 27 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Ұлытау облысының прокуратурасы құрамына Жезқазған және Балқаш ЖЭО кіретін «Kazakhmys Energy» ЖШС қызметінде заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ негізгі жабдықты жаңғырту тұрғысынан тексеру жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау салаларында, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және т.б. 600-ге жуық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, объектілерді жаңғыртуға инвестициялардың болмауы, қабылданып жатқан шаралар ағымдағы ақауларды жоюмен шектелген, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамау, өлшеу құралдарын уақтылы салыстырып тексермеу және т.б.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдардың атына 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі адамдар 27 млн теңге айыппұл арқалады.

Бүгінде «Kazakhmys Energy» ЖШС 21 млн теңгеден аса айыппұл төледі.

Оған қоса, уәкілетті органдар Жезқазған және Балқаш ЖЭО-сында нақты іс-шаралар мен орындау мерзімдері, оның ішінде жабдықтарды жаңғыртуды көрсете отырып, заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама