Оң динамика тек 4 қалада тіркелді
Биыл мамырда Қазақстандағы 13 қалада (қайталама нарықта) пәтерге сұраныс бағасы төмендеді, деп хабарлады krisha.kz.
Өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңге болды. Бұл – сәуірмен салыстырғанда, 0,4% аз.
Бағаның максималды төмендеуі төмендегідей:
Өсім Шымкент, Тараз (+0,2 %), Семей (+0,4 %), Ақтауда (+0,5 %) тіркелді.
Мамырдың қорытындысы бойынша 1 шаршы метрдегі ең жоғары орташа баға төмендегідей:
Ең төмен баға – Қызылордада (236 мың теңге), Ақтөбеде (293 мың теңге), Таразда (шамамен 306 мың теңге).
Жыл басынан бері (2022 жылғы желтоқсан, 2023 жылғы мамыр) қайталама нарықтағы пәтер айтарлықтай қымбаттамаған: +0.4 %. Ең жоғары өсім – Ақтауда, +4,2%, ал ең жоғары төмендеу – Көкшетауда, -3.3%.
Жалпы 5 айда 12 қалада, оның ішінде Алматы, Шымкент қалаларында тұрғын үй шамамен 2% қымбаттады. Ал 5 қалада, оның ішінде Астанада 1,7% арзандады.
Жылдық динамикада (2022 жылғы мамыр, 2023 жылғы мамыр) қайталама нарықтағы пәтер бағасы орта есеппен 3,8% қымбаттады.
Ең үлкен өсім – Ақтауда, +13.4 %. Ең үлкен төмендеу – Талдықорғанда, -5.2 %.