Halyq Uni логотип
×

Құлсары қаласындағы үш үйдің ауласын су басты

Су басу қаупі бар ауылдардың айналасына құм төселіп жатыр

 Айнұр Асылбекқызы 21.04.2022 | 11:23
Құлсары қаласындағы үш үйдің ауласын су басты
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Жем өзеніндегі су арнасынан тасып, 21 сәуір күні сағат 05:57-де Құлсары қаласындағы үш ауланы су басты. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарының үйіне көшірілді: үш үйден 10 адам (оның ішінде 4 бала).

Су басу қаупі бар жеті ауылдың тұрғын үйлерін қорғау үшін топырақ үйіндісін салып, құм салынған қаптар төселіп жатыр.

Жұмылдырылған күштер мен құралдар: Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (25 қызметкер және 3 бірлік техника), жергілікті атқарушы орган (30 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (20 қызметкер және 6 бірлік техника), «Казкомсервис» ЖШС (9 қызметкер және 9 бірлік техника), «Жылыой-Су» ЖШС (3 қызметкер және 3 бірлік техника), «Жылыой-Газ» ЖШС (3 қызметкер және 3 бірлік техника), «Жылыой-Мұнай-Газ» ЖШС (2 қызметкер және 2 бірлік техника).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама