×

Алексей Цой Қазақстанда омикрон штамы анықталған жағдайда қандай шара қабылданатынын айтты

Әзірге Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы ресми анықталған жоқ

 Халық үні 07.12.2021 | 16:03
Алексей Цой, фото: facebook

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой омикрон штамының Қазақстанға келу ықтималдығы туралы пікір білдірді.

Әзірге жаңа штамм толық зерттеліп біткен жоқ. Әлемде түрлі штамдар пайда болып жатыр – лямбда, Eta...  Әрбір жаңа штамның қалай тарайтынын алғаш пайда болған елдегі жағдайға қарап түсінудің маңызы зор. Жақында ғана Женевада болып, ДДСҰ бас директорымен кездестік. Сол кезде бұл штамды зерттейтін жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Ең бастысы, бұл штамның соңы пандемияға ұласпағаны керек. Яғни, ел ішінде таралуын бақылауда ұстау маңызды, - деді министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, қазір жаңа штамның қаншалықты жұқпалы екенін, оның қалай әрекет ететінін, оның клиникалық көріністерін және адамдар үшін қаншалықты қауіпті екеніне мониторинг жүргізіліп жатыр.

Әзірге нақты сенімді деректер жоқ. Эпидемиологиялық мониторинг жүйесі жұмыс істеп жатыр. Біз ай сайын шетелден келген, әсіресе, талдау қорытындысы сырқат бар екенін көрсеткен азаматтардан сынамалар алып отырмыз. Тиісінше, халықаралық мәліметтер базасы арқылы бұл сынамалардың вирус штамының қайсысына жататыны тексеріледі. Сондықтан, жақын арада біз нақты қорытынды аламыз, соның негізінде бәрі түсінікті болады. Вирустың бұл штамы Қазақстанға келген күннің өзінде оның табиғатын, таралу тәсілін түсіну маңызды, - деді Алексей Цой.

Одан бөлек, Алексей Цой Pfizer вакцинасы ақылы сегментке қашан шығатыны туралы пікір білдірді. Министрдің айтуынша, Қазақстан тарапы Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыру құнына қатысты компаниямен келісіп жатыр. Қазір Қазақстан бойынша Pfizer вакцинасын қанша адам ақылы түрде алғысы келетіні зерттеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама