×

Алматы көшесінде отқа оранған Land Cruiser біраз жер жүріп барып тоқтады (ВИДЕО)

Өрттің алдын-ала себебі – газ-ауа қоспасының жануы

 Еркеғали Болатұлы 04.06.2023 | 15:48
фото: видеодан скриншот

Алматыда Toyota Land Cruiser автокөлігі жүріп бара жатып өртенген.

Қалалық ТЖД мәліметінше, оқиға 3 маусымға қараған түні әл-Фараби мен Розыбакиев көшелерінің қиылысында болған.

2003 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 6 шаршы метр аумақта өртенген. Өрт 2:57-де оқшауланып, 3:03-те сөндірілді. Өрттің алдын-ала себебі – газ-ауа қоспасының жануы.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мен жолаушы салоннан кетіп үлгерген, олар ауруханаға жатқызудан бас тартқан», - деді ТЖД өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама