Балалардың ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық ПБ-ға өтініш білдірді
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы «Айжан» балабақшасында каратэ жаттықтырушысы балаларға қол көтерген.
26 мамырда «Жалын» тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналары балаларды каратэ жаттықтырушысының ұрғанын мәлімдеді. Бұл факті балабақшаның спорт залының бейнебақылау камераларындағы жазбалармен расталды.
Жаттықтырушымен және балабақша қызметкерлерімен жиналыс өткізілді. Каратэ бойынша жаттықтырушы міндеттерін тиісінше орындамағаны және педагогикалық этиканы сақтамағаны үшін «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кейін ол өз еркімен жұмыстан шықты.
Өз кезегінде балалардың ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық ПБ-ға өтініш білдірді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.