Қыз сабақта жылап, отбасында жайсыз жағдай болғанын айтқан
15 жастағы оқушы отбасындағы проблемаға байланысты өзіне қол салуы мүмкін. Қайғылы оқиғаны өз көзімен көргендер осылай дейді. Полиция «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлады Almaty.tv.
Сол күні 9-сынып оқушысы үйдің төбесінен секіріп кеткен. Қызды көрші үйдің адамдары байқап, полиция шақырған.
«102 үзақ уақыт жауап бермеді, кейін жауап берді. Содан кейін біз бәріміз осында жүгіріп келіп, қайғылы жағдайдың алдын алмақшы болдық. Бірақ үлгермей қалдық. Біз оның ағылшы тілінен беретін мұғалімімен сөйлестік. Оның айтуынша, қыз сабақта жылап, отбасында жайсыз жағдай болғанын айтқан», — дейді қала тұрғыны Юлия Андроненко.
Қайғылы оқиға болған жер мектептен алыс емес. Оқу орны қыздың озат оқушы болғанын хабарлады.Оның өлімі елді дүр сілкіндірді.
«Үнемі мейірімді, беделді болды. Ешқашан мұғалімдерін, мені, ата-анасын қиын жағдайға қалдырған емес. Аринада 9-сыныпты бітіріп, колледжге кетемін деген жоспар болған емес. 11-сыныпты оқимын деп жүретін. Оның үстіне өнерлі қыз еді, қолынан келмейтіні жоқ. Қай сабақ болмасын, барлық пәннің ұстаздары мақтауын асырып отырады», - дейді Петропавл №40 орта мектебінің директоры Роза Мұрзатаева.
Қыздың неге бұндай қадамға барғанын полицейлер анықтап жатыр.