Жаттықтырушылар кортқа шықпай-ақ қойшы деп айтты, - деді ол
Бүгін теннисші Елена Рыбакина Roland Garros турнирін жалғастыра алмады. Осыған байлансты ол баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерге мән-жайды айтып берді.
Кеше кешке басым ауырып, жағдайым нашарлады, температурам көтерілді. Таңертең жақсы боламын ба деп едім, бірақ қазір де әлсіздік бар, температурам басылмай тұр, – деді ол.
Теннисші басы ауырып, дене қызуы көтеріліп тұрған соң, кортқа шыға алмайтынын айтты.
Жаттықтырушылармен ақылдастым. Олар кортқа шықпай-ақ қой, тіпті шықпашы деп айтты. Соны ойлап, жарысты аяқтау керек деген шешімге келдім, – деді Рыбакина.
Еске сала кетсек, Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында әлемнің 38-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартич немесе дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнау керек еді.