Halyq Uni логотип
×

Рыбакина белгілі бір себеппен «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды

Жаттықтырушылар кортқа шықпай-ақ қойшы деп айтты, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2023 | 23:51
Рыбакина белгілі бір себеппен «Ролан Гаррос» турнирінен шығып қалды
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Бүгін теннисші Елена Рыбакина Roland Garros турнирін жалғастыра алмады. Осыған байлансты ол баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлерге мән-жайды айтып берді.

Кеше кешке басым ауырып, жағдайым нашарлады, температурам көтерілді. Таңертең жақсы боламын ба деп едім, бірақ қазір де әлсіздік бар, температурам басылмай тұр, – деді ол.

Теннисші басы ауырып, дене қызуы көтеріліп тұрған соң, кортқа шыға алмайтынын айтты.

Жаттықтырушылармен ақылдастым. Олар кортқа шықпай-ақ қой, тіпті шықпашы деп айтты. Соны ойлап, жарысты аяқтау керек деген шешімге келдім, –  деді Рыбакина.

Еске сала кетсек, Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымында әлемнің 38-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартич немесе дүниежүзілік рейтингте 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнау керек еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама