×

«Мен үздік оқушымын»: әкесінің қабірінің басына барған оқушы көпшіліктің көзіне жас үйірді

Оқушы марқұм әкесіне мақтау грамотасын көрсетіп, сөйлесіп отырғаны көрсетілген

 Халық үні 03.06.2023 | 20:45
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде әкесінің зиратына келіп, өзінің үздік оқушы екенін айтқан оқушы көпшіліктің көзіне жас үйірді.

Оқушы марқұм әкесіне мақтау грамотасын көрсетіп, сөйлесіп отырғаны көрсетілген.

Папа, ассалаумағалейкум. Мынаны қарашы сабақты беске бітірдім. Енді 3 сыныпқа барамын, - дейді бала.

«Көз жасыма ие бола алмадым». «Недеген ақылды бала, бәрін жылатты, әкесін сағынған екен, иманды болсын, жолың ашық болсын», «Құтты болсын балақай, осылай өзің алға жүре бер, Папаң иманды болсын», «Аруағы қолдап жүрсін» деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама