Қайғылы оқиға 3 маусымда Нұра ауданында болды
Қарағанды облысында 15 жастағы қыз сыныптастарымен демалуға барып, суға батып кетті. Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 3 маусымда Нұра ауданында болды. Қыз құрдастарымен бірге көкке шықты. Балалар Нұра өзенінің жағасында демалған.
«ТЖД кезекшісінің пультіне 15 жастағы оқушы Егінді ауылынан үш шақырым жерде суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 13: 25-те оқиға орнына бір жүзу құралы мен бір техникасы бар үш құтқарушы шықты. Бөлімшеден сол жерге дейінгі қашықтық шамамен 240 километ», – делінген хабарламада.