Президент Анкараға жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ердоған тағы да президент болып сайланғанын хабарлаған болатынбыз. Дауыс берудің нәтижесінде ол сайлаушылардың 52,16 пайыз дауысын жинап, қайтадан мемлекет басшысы болып сайланды. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады.
Ал Ердоғанның басты қарсыласы болған Кемал Кылычтароғлы сайлаушылардың 47,84 пайыз дауысын алды.