Halyq Uni логотип
×

«SCAT» әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелді

 Динара Амантай 03.06.2023 | 12:22
«SCAT» әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды
Фото: Halyq Uni

«SCAT» әуе компаниясы мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыны рейстен түсіргені үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 27 мамырдағы Қостанай – Анталья бағыты бойынша VSV–5280 рейсінен жолаушыларды алу себебі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін «SCAT» әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады. Жолаушылардың барлық санаттарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуе компаниялардың жұмысында басымдық болуға тиіс екенін атап өтеміз, – деп жазылған Авиация комитеті тартақан хабарламада.

«SCAT» әуе компаниясының ақпараты бойынша, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтеліп, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдамаға сәйкес ұшуды жоспарлайды.

Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген «SCAT» әуе компаниясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама